Жігіттер кв — Ақ пен қара Lyrics
Jigitter kv (Жигиттер квартети) — Aq pen qara.
Бұйырса, бәрі-бәрі өзгереді,
Қатең де түзелетін кез келеді,
Бұйырмайды, бұйырмайды, ниет түзу болмаса.
Бұйырса, бәрі-бәрі өзгереді,
Соңыңнан сосын жақсы сөз де ереді,
Бұйырмайды, бұйырмайды, жүрек таза болмаса.
Қ-сы:
Мәлім ғой, періште емес, пенде екенің,
Білеміз бұл өмірдің демде өтерін.
Атағың айға жетіп тұрса-дағы,
Ұмытпа аяғыңның жерде екенін.
Мәлім ғой, өмір жолы – ақ пен қара,
Қашан да қатар жүрер бақ пен нала.
Сонда да уайымдама, көтер басты,
Сынаған бұл өтпелі сәттер ғана.
Бұйырса, асамыз көп белестерді,
Ұмытып өткен күнді елестерді,
Бұйырады, бұйырады, жанашырлар қорғаса.
Бұйырса, ақтаймын бар үміттерді,
Көрге емес, өрге тартам жігіттерді,
Бұйырады, бұйырады, Тәңір өзі қолдаса.
Қ-сы:
Мәлім ғой, періште емес, пенде екенің,
Білеміз бұл өмірдің демде өтерін.
Атағың айға жетіп тұрса-дағы,
Ұмытпа аяғыңның жерде екенін.
Мәлім ғой, өмір жолы – ақ пен қара,
Қашан да қатар жүрер бақ пен нала.
Сонда да уайымдама, көтер басты,
Сынаған бұл өтпелі сәттер ғана.