Жолдасбек Абдиханов – Сен секілді Lyrics
Қатемді кеш ардағым
Өзімді неше алдадым
Сендегі құдыретті пәк сезімнің
Жұмбағың шеше алмадым
Қалайша айып тағам
Өзіңсің лайық маған
Жай ғана жанарынмен сенем дедің
Жан бердің айықпаған
Менің де іздеп жүрген
Жақұтым сен секілді
Сенің де іздеп жүрген
Бақытың мен секілді
Менің де тілеп жүрген
Жан-жарым сен секілді
Сенің де тілеп жүрген
Арманың мен секілді
Өзгеге қарамаймын
Өзгені қаламаймын
Қалауы жүрегіңнің өзің ғана
Өзіңді бағалаймын
Жараса жа жан жұбымыз
Бір болсын тағдырымыз
Біздегі махабаттың тарихына
Кетейік қалдырып із
Менің де іздеп жүрген
Жақұтым сен секілді
Сенің де іздеп жүрген
Бақытың мен секілді
Менің де тілеп жүрген
Жан-жарым сен секілді
Сенің де тілеп жүрген
Арманың мен секілді