Әбдіжаппар Әлқожа – Ләйләм менің Lyrics
Халың қалай аманбысың Үкі аға
Інің болып жыр жазайын бүгін ғана
Сыр сезмді елжіреттің неге сонша
Ләйләданда болмады ма басқа муза
Мың құбылып езілдім бұл жырыңа
Алып ұшып махаббатым тулады да
Жығылдымда зар жыладым қан ағыла
Неге мені әлсіретті махаббатым
Сонша сынақ көтерген қара басым
Талмай ұшқан қанатты қауырсындай
Махаббатқа бас иген қу басым ай
Әлсіздігім болдығой шексіз сезім
Алып тұлға қайырылмас асыл едім
Сол бір жанға езілген емешегім
Кім білген жараланып қаларын жүрегімнің
Соншалықты қауқарсызбын махаббатқа
Бұл жалғанда сезіміме тосқауыл таба аламба
Табылсада құдіретті бола аларма
Құдай салған шын сезімнен аса аларма
Майдан етіп қарадым махаббатты
Көрінбей-ақ жүрегімнен қан ағыпты
Іштей ғана шейіт болсам бұл майданда
Сырт келбетім өзгеге өтірік күлім қақты
Мойындаймын махаббатың шын жеңісін
Қайтейін жасырылмас бұл сезімім
Махаббат рас болса негізінде
Айтшы досым неліктен
Бұл майданда мен жеңілдім