Әбдіжаппар Әлқожа – Мама Lyrics
Äbdijappar Älqoja – Mama.
Ауырмай жүрші
Қуанып күлші мама
Ұл қыздарыңмен
жұбанып жүрші мама
Біздерге бақыт
Жарығы жақұт ғаламның
Анам менің мен сенің ерке балаңмын.
Менің барымсың
Менің жанымсың мама
Салған әнімсің
Өмір мәнімсің мама
Біздерге бақыт
Жарығы жақұт ғаламның
Анам менің мен сенің ерке (мәңгі)балаңмын.
Мен өмірде түсіндім
Адамзатқа ең қымбат ана берген бір Алла.
Мен өзіңді түсіндім
ешқашан бізден ренжімейтін ол ұлы ана
Ол ана деген жұмақ!
Көзінен жасырмас шынайы дара Көңілін.
Ана сенің барыңа шүкір
Көз алдыңда өтті менің бала өмірім.
Сен жалғызым менің.
Ана деген атауда кәусар таза тұнығым.
Сен барлығын бердің.
Ел ішінде жүр мәпелеп өсірген құлының.
Сен Құдайға жалындың
Балам өссін адам болсын деп дұға тоқтатпай.
Ана шынайы сағындың!
Өсірген анам біздерді жұртқа жоқтатпай.