Алмасхан Насыров – Әке Lyrics
Сен тоңып жүрдің әке
Мен ойнап жүрдім әке
Бағаңды баға жетпес
Мен енді білдім әке
Айтайын шешім әке
Ең адал досым әке.
Кей кезде қателессем
Балаңды кешір әке
Әке
Отқа да шыдап жанбадыңыз
Әке
Барыңды бізге арнадыңыз
Әке,
Балаңның бақыты үшін бар болыңыз.
Әке
Алдында елдің әппақ арың
Әке
Тойыңда бүгін шаттанамын
Әке
Мен сенің ұлыңмын деп мақтанамын!
Жақыным жанымдағы
Тілегім таңымдағы.
Әкемнің қасиеті
Тектілік қанымдағы
Биігі бағамның да
Бақыты балаңның да
Әкешім сенің арқаң
Күлкісі анамның да.