Айбек Қайбулла – Ауыр Ауыр Lyrics
Aybek Qaybwlla – Awır Awır.
Саған айтар кеңес,
«Бақытты бол»- демеш.
Тез ұмыта салу,
Оңай шаруа емес….
Мүмкіндік бер тағы,
Кеш емес қой әлі.
Саған оңай шығар,
Маған ауыр бәрі!
Сенсіз өткен күндер – ауыр, ауыр, ауыр,
Көз ілмеген түндер – ауыр, ауыр, ауыр.
Ұмытуға шамам жетпейді ғой сені,
Мүмкіндік бер маған тағы да бір, тағы!
Естелік қой – әр күн,
Сені есіме алдым.
Шынын айтсам саған,
Бауыр басып қалдым!
Қоя тұршы бәрін,
Білем өкпең барын.
Қол ұстасып қайта,
Жұп болайық жаным!