Dimash Qudaibergen – Qarlygashym Uya Salganda Lyrics
Димаш Құдайберген – Қарлығашым ұя салғанда
Мөп мөлдір аспанымда,
Дүние есігін ашқаныңда,
Сәби күлкіңнен ғалам,
Нұр құшқаны жадымда.
Бой жеттің бе, қалқам ау қас қағымда?
Еркетайым, елігім,
Ай маңдайлым асыл ай күнім.
Нәзік қыр күлімдейсің,
Жадырап көктегейсің.
Аман есен барғайсың,
Айдыныңа қонғайсың.
Қарлығашым ұя салғанда,
Қанат қағып асқақ арманға,
Нұрға бөлеп еліңді,
Қалықта жарықта.
Көңілімде қимастық, қайтемін,
Заңы ғой өмірдің білемін.
Аман бол қарлығашым –
Алладан сұрарым.
Бағың таймай, көкке биік самғай,
Ақ тілегімді алып ұш.
Әніме арқау болған
Бір өзіңе, қалқам,
Жазылмайтын сағыныш.
Айналайын, әппағым,
Мерейімсің мақтаным, жаным.
Бақытты күнімдейсің,
Шаттанып күлімдейсің.
Аман есен жүргейсің.
Қарлығашым ұя салғанда,
Қанат қағып асқақ арманға,
Нұрға бөлеп еліңді,
Қалықта жарықта.
Көңілімде қимастық, қайтемін,
Заңы ғой өмірдің білемін.
Аман бол қарлығашым –
Алладан сұрарым.
Бағың таймай, көкке биік самғай,
Ақ тілегімді алып ұш.
Әніме арқау болған
Бір өзіңе, қалқам,
Сарқылмайтын сағыныш.
Көңілімде қимастық қайтемін
Заңы ғой өмірдің білемін
Аман жүр аппақ көкем
Болғай тек бақ мекен
Жаным, талмай көкке биік самғай
Ақ тілегімді алып ұш
Ән болып атсын әр таң
Саған деген, қалқам,
Сарқылмайтын
сағыныш.