Қайрат Нұртас — Ақ келін (Cover) Lyrics
Кайрат Нуртас — Ак келин (cover by Гауһар Алимбекова)
1.Келін түсті, салты ғой бұрынғының,
Біздің үйге бірі енді бұрымдының.
Ақ ниетпен аттаған босағасын,
Ағарып тұр әнекей шымылдығың.
Ақ ниетпен аттаған босағасын,
Ағарып тұр әнекей шымылдығың.
Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда,
Қызыл шәлі жүзіңді жасырғанда.
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.
2.Жайнап жүрсең қып-қызыл кілемдейсің,
Масатыдай құлпырып күлімдейсің.
Қарияға сәлем қыл, көңілі қалар,
Қариялар қашаңғы жүрер дейсің.
Қарияға сәлем қыл, көңілі қалар,
Қариялар қашанғы жүрер дейсің.
Алдыменен өзіңді енең сынар,
Емендей боп бұл сынға, ене шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар.
3.Ерке өскен елімнің елігі едің,
Келін бол деп жіберді-ау сені елің.
Енең байғұс толқып жүр қайтсің енді,
Сен оның ең алғашқы келіні едің.
Енең байғұс толқып жүр қайтсің енді,
Сен оның ең алғашқы келіні едің.
Атасын да осы елдің, анасын да,
Сыйлай білгің, ажыратып жатасың ба?
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық,
Ықыласы үлкеннің батасында.
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық,
Ықыласы үлкеннің батасында.
Ықыласы үлкеннің батасында.
- Қайрат Нұртас & Ирина Кайратовна — Түн
- Қайрат Нұртас — Не дедим
- Қайрат Нұртас — Дариға дәурен
- Қайрат Нұртас — Екеуміз
- Қайрат Нұртас & Әбдіжаппар Әлқожа — Қоштасып қайтеміз
- Қайрат Нұртас — Құдретти махаббат*
- Қайрат Нұртас — Табиғатым махаббатым
- Қайрат Нұртас — Бәрі дурыс па?
- Қайрат Нұртас — Сен өзің кінәлі
- Қайрат Нұртас — Өнер адам
- Қайрат Нұртас, Ернар Айдар — Сенде жүрек жоқ
- Қайрат Нұртас & Маржан Арапбаева — Сені сүйем