Қуандық Рахым — Аппағым Lyrics
1) Жүрегіммен жүрегіңді көздегем,
Сапар алдым ең бақытты кезге мен.
Үміт үздім сені көріп өзгелерден,
Өзгермеймін бұл қалпымнан — сөз берем.
Күй де кештім ешқашанда кешпеген,
Бұл сезімдей ешбір сезім сезбегем мен.
[Қайырмасы]
Мөлдіреген сенің жанарың —
Түнгі әсем қаланың
Жанып тұрған шамдарындай.
Сені алғаш көрген кезімде,
Қайран болып қалғаным-ай!
Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім —
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай.
2) Бақытты сәт сеніменен басталған,
Күнім — өзің, жарық шашқан аспаннан.
Сезіміңе қатты-қатты мас болғам мен!
Бұл жүрегім — мәңгі сенің тұрағың,
Күлгеніңді жұлдыздардан құрадым,
Сендей жанды қолды жайып сұрадым мен!
[Қайырмасы — 2 рет]
Мөлдіреген сенің жанарың —
Түнгі әсем қаланың
Жанып тұрған шамдарындай.
Сені алғаш көрген кезімде,
Қайран болып қалғаным-ай!
Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім —
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай.
Мың қараның ішінен менің
Таңдап алған аппағым,
Дәл қазіргі сәттерім —
Ең бақытты шақтарым.
Сені көріп, аппағым,
Іздеп жүріп тапқаным-ай…