Жандос Қаржаубай — Бақытың қаншадан Lyrics
Жандос Каржаубай — Бакытын каншадан / Zhandos Karzhaubai — Bakytyn kanshadan.
Өмір деген сүрмек, артық керек емес,
Сағынып жүрсің бе, ол сені елемес.
Тамшысы тағдырдың тамған жер бетіне,
Сол жерде қап қойған, тек жалғыз сен емес.
Өмірді қиындатпа, жақсы жол табылар,
Санаңды қиындатпа, жан болсаң бағы бар.
Армандар алдамайды, арбайды тек қана
Бұл өмір сынақ саған сыйыңды қабыл ал.
Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсандым,
Бақытқа бұрғызбағын қалжырап қалса жан.
Көбіне көтермейтін, қарызың өтелмейтін,
Ей өмір, бақытың қаншадан?
Кезің жоқ сынамаған, жылады қанша адам,
Пенделер шыдамаған шаттықты-ай аңсаған.
Тұсаудай кесілмеген, шынжыры шешілмеген,
Ей өмір, бақытың қаншадан?
Бақытсыз барлығы, бақытсыз тағдыры,
Жауғандай аспаннан жүректің жаңбыры.
Күдіксіз көздерде үмітсіз арман бар,
Сүйер ем әлемді сейілсе жан мұңы.
Қалғанға көңілдер жалғанға қапалы,
Жалғанған жолдарда сезімдер жатады.
Тағы не сатылған, тағы кім аһ ұрған,
Бақыттың ақ таңы қай кезде атады?
Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсандым,
Бақытқа бұрғызбағын қалжырап қалса жан.
Көбіне көтермейтін, қарызың өтелмейтін,
Ей өмір, бақытың қаншадан?
Кезің жоқ сынамаған, жылады қанша адам,
Пенделер шыдамаған шаттықты-ай аңсаған.
Тұсаудай кесілмеген, шынжыры шешілмеген,
Ей өмір, бақытың қаншадан?
- Жандос ҚАРЖАУБАЙ — Ауылымды сағындым
- Жандос Қаржаубай — Тиіспеңізші әкесі жоқ қыздарға
- Жандос Қаржаубай — Туған әйелім
- Жандос Қаржаубай — Сонда да жақсы көрем сені
- Жандос & Жұпар — Бір жүрекпіз
- Жандос Қаржаубай – Өкпелеме
- Жандос Қаржаубай — Тағы да ән жаздым
- Алмасхан Насыров & Жандос Қаржаубай — Қабырғам-ай
- Жандос Қаржаубай — Уақыт
- Жандос Қаржаубай — Қызғаншағым
- Жандос Қаржаубай — Көзмоншағым