Алмасхан Насыров — Сұлу қыз Lyrics
Сөзі:
Ағаштан алма алам деп мініп құлап қалатын
Есімде сенің бала кезің жылап қалатын.
Шашыңды екі жаққа өріп, билеп жүруші ең,
Кім білген сол бүлдіршін қыздың ұнап қаларын.
Сұп сұлу боп, өстің де
Сәні болдың кештің де.
Сұлулығың соншалық
Қимай қалдым ешкімге
Айға қарап жүргенде
Бой жетіпсің бір дем де
Алыстағы айдай боп
Арман болдың кімдерге
Жаным- ау байқамағам қалай мен сені бұрын
Бой жетіп, ару бопсың ерке сұлу қыр мұрын
Көркіңе қарап сенің естен адасар адам
Жүректі қозғап кетті- ау сенің сүйкімді түрің