Төреғали Төреәлі — Өмірбаяным Lyrics
Торегали Тореали — Омирбаяным / Toregali Toreali — Omirbaianym.
Біреулер орның мінбеде дейді
Ал біреу орның түрмеде дейді
Адам байқұстың бір аты Пенде
Пендешілікпен кім не демейді
Жақсыны білмей жауластым ба екен
Жаманмен жүріп жар бастым ба екен
Әйтеуір жердің үстіндегі адам
Қауесет сөздің мәңгі астында екен
Біреулер мақтап өсірем дейді
Біреулер даттап өшірем дейді
Ал бірі мына фәни жалғаннан
Бақи жалғанға көшірем дейді
Мықтыларың бар осалдарың бар
Нақақтан-нақақ өш алғаның бар
Жақсының жүрміз ақ батасымен
Жаманға түскен не салмағым бар
Біреулер дардай мінің бар дейді
Біреулер балдай тілің бар дейді
Мақтау мен даттау бақ пен сор деген
Ертеден егіз туылған дейді
Халқымды әке-ана көрдім ау
Сіздерге тентек бала болдым ау
Соңымнан ән мен сөз қалса деп ем
Өзім де сөзге қала бердім ау
Біреулер Таудай Төрешім дейді
Тау емес бірі төбесің дейді
Тау тас болмай ақ адамзат осы
Адам боп өмір неге сүрмейді
Жақсыларың бар жамандарың бар
Соңымнан түсіп шам алғаның бар
Өмірдің өзі сендермен қызық
Кім болсаңдар да аман болыңдар